jasqazaq.kz

Мұрат Әйтенов жылу маусымына дайындықты қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды

27 мамыр 2023, 15:17

Қазір мониторинг кезінде анықталған ескірген жүйелерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қаласы аумағында жылу маусымына дайындық жұмыстарына апта сайын тұрақты мониторинг жүргізілуде. Бүгін қала әкімі М.Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылатын көпқабатты тұрғын үйлер мен мекемелердің дайындықтары пысықталып, өзекті мәселелер талқыланды.

Қазір мониторинг кезінде анықталған ескірген жүйелерді қалпына келтіру үшін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, магистралды жылу құбырларын қайта құру бойынша биыл екі жоба жүзеге асырылады. Бұл жұмыстар Гагарин, Абай, Громов, Гоголь, Адырбеков көшелерінде, Нұрсәт тұрғын алабында жүргізілетін болады.

–Жылудың сапалы болуы қазіргі дайындық жұмыстарына тікелей байланысты. Сондықтан іс шара жоспарындағы міндеттемелердің мерзімінде, талапқа сай орындалуын назарға алыңыздар. Сығымдау жұмыстарын шілдеде, жалпы, жылыту маусымына дайындықты қыркүйекке дейін толық аяқтаңыздар, — деді қала әкімі.

Сондай-ақ, М. Дүйсенбекұлы тиісті сала басшыларына жылу қазандықтарының, сорғы стансаларының дайындығын қадағалап, бюджеттік нысандардың қатты, сұйық отынға қажеттілігін нақтылауды тапсырды. Бұл кешенді шаралар қаладағы қолданыстағы жүйелерді жаңартып, жылу сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Шымкент қаласы аумағындағы 147 қазандықты салалық басқармаға өткізу жоспарлануда. Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына емдеу мекемелерінен — 15, білім нысандарынан – 121, мәдени ошақтардан — 3, спорт мекемелерінен — 6 қазандықты өткізу үшін техникалық құжаттарды түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Басқарма басшылары қазандықтарды беру барысында туындап отырған өзекті мәселелерді баяндап, ұсыныстарын жеткізді. М.Дүйсенбекұлы жылу желілерін тапсыруды ағымдағы жылдың 15- шілдесіне дейін аяқтауды тапсырды.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі