jasqazaq.kz

Мұрат Әйтенов үш ауысымды мектеп мәселесін шешуді тапсырды

11 мамыр 2023, 15:04

Қала әкімі жауаптыларға сапасыздыққа жол бермеу керектігін алға тартты.

Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы 7 білім нысанында қосымша ғимарат құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы аумағы кеңейтіліп жатқан бірқатар білім ошақтарының құрылыс жұмыстарымен танысты. Сайрам шағынауданындағы №65 мектеп-гимназиясының қосымша 600 орындық оқу корпусы бой көтеруде. Соңғы үлгіде салынған ғимаратта сынып бөлмелері, кітапхана, логопед кабинеті, спортзал, 220 орынға арналған асхана қарастырылған.

Мұрат Дүйсенбекұлы Ш.Қалдаяқов көшесіндегі №45 мектеп-гимназиясында да болып, 300 орынға арналған 3 қабатты қосымша ғимараттың құрылыс-монтаж жұмыстарын қадағалады. Заманауи талапқа сай салынған оқу корпусында сынып бөлмелерінен бөлек, спортзал, зертхана бөлмелері, 78 орынға арналған асхана қарастырылған.

– Ғимараттардың интерері классикалық үлгіде болуы керек. Бұл ретте дизайнерлермен тиісті жұмыстарды жүргізіңіздер. Құрылысқа қатысты өзекті мәселелер дер кезінде шешілуі тиіс, — деді қала әкімі. Мұрат Дүйсенбекұлы

М.Х.Дулати атындағы №8 мамандандырылған гимназиясының да қосымша корпустарының құрылысын тексерді. 1 100 орынға арналған ғимаратта сынып бөлмелері, 250 орындық акты залы, спортзал, 320–орындық асхана құрылысы жобаланған. Қала әкімі жауаптыларға сапасыздыққа жол бермей, нысандарды өндірістік кестеге сай саяқтап, үш ауысым мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды.

Сондай-ақ, қала әкімі Мұрат Әйтенов заманауи талапқа сай бой көтерген «Металлург» стадионының аяқталу сатысындағы реконструкциялық жұмыстарын да тексерді. Құрылысшылар спорт залдарының ішкі әрлеу, сыртқы абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Жоспарға сәйкес, мұнда 1504 орындық трибуна, командалық ойындарға арналған 480 орындық спорт зал, 62 орындық спортшылар үйі, әкімшілік корпус қарастырылған.

–Нысан қаламызда бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға мүмкіндік береді. Стадион жанында 60 адамға арналған қонақүй қарастырылған. Мұнда республикалық маңызы бар жарыстар, түрлі спорттық шаралар ұйымдастыруға барлық жағдай жасалады, – деді қала әкімі. М.Дүйсенбекұлы стадионды Халықаралық балалар күнінде қолданысқа беріп, үш жыл қатарынан өтіп жатқан Жастар Лигасының финалдық кезеңдерін өткізуді ұйымдастыруды тапсырды.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі