jasqazaq.kz

Мұрат Әйтенов мүгедектікті азайту мақсатында арнайы талдау жүргізуді тапсырды

14 сәуiр 2023, 10:41

Қала әкімі жауаптыларға арнаулы қызметтерді жақсарту бойынша бірқатар тапсырма жүктеді.

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің қатысуымен өткен жиында ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету шаралары талқыланды.

Қалада бүгінде мүгедектігі бар азаматтар мен балаларға 11 орталық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерге арнайы портал арқылы тапсырыс беруде. Сондай-ақ жиында ересектер мен балалар арасындағы мүгедектікті алдын алу, ерекше күтімді қажет ететін азаматтардың өзекті мәселелері қарастырылды.

Қала әкімі жауаптыларға арнаулы қызметтерді жақсарту бойынша бірқатар тапсырма жүктеді. Сондай-ақ, мүгедектікті азайту үшін отбасын жоспарлау, ата-аналар арасында репродуктивті денсаулықты түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін ескертті.

Шымкент қаласында 2021 жылы мүмкіндігі шектеулі жандардарды қолдау үшін бюджеттен 3,2 млрд теңге қаржы бөлінді. Бұл қаражат 22 мыңнан астам ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға арнайы құралдар сатып алу үшін және түрлі деңгейдегі әлеуметтік қызмет көрсетуге бағытталды. Одан бөлек, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қала өміріне белсене араласуына мүмкіндік жасау және оларға көрсетілетін қызмет түрлерін қолжетімді ету мақсатында «Ten qogam» әлеуметтік қолдау орталығы ашылды.

«Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығы «Бір терезе» қағидасымен 5 бағытта қызмет түрлерін ұсынады. Орталық ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа орналастыруға баса назар аударатын болады. Бұдан бөлек әлеуметтік қызмет порталдарын ешкімнің көмегінсіз қолдануды үйретпек.

Мамандардың айтуынша, орталықта заң бағытында сондай-ақ, әлеуметтік, психологиялық, тұрмыстық мәселелер бойынша кеңес беріледі. Сонымен қатар, ерекше қорғалған азаматтар үйден шықпай-ақ электрондық қолтаңбамен http://aleumet.egov.kz сілтемесі арқылы әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндігі бар. Портал арқылы таңдалған тауар азаматтың үйіне жеткізіледі немесе қоймадан өзі алып кете алады.

Мерей Әлімбек

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура