jasqazaq.kz

Мұрат Әйтенов емхананың күрделі жөндеу құрылысын бақылады

31 шiлде 2023, 10:01

Шымкент қаласының тұрғындарына сапалы медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру үшін емханаларға күрделі жөндеу құрлысы жүзеге асып жатыр. Шаһарда 15 жылға жуық жөндеу көрмеген №1 қалалық клиникалық ауруханасына қазір жергілікті бюджет есебінен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов 520 төсек-орындық емдеу мекемесіндегі құрылыс барысын қадағалады. Қазіргі таңда ғимараттың К корпусының жұмыстары аяқталып келеді. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жобада ғимараттың кәріз желісін, едені мен қабырғасын, жылу беру жүйелерін жаңалау қарастырылған. Сондай-ақ құрылысшылар ескірген есік-терезелерін толығымен ауыстырып, емдеу кабинеттерін заманауи үлгіде жасақтайды. Жобаға сәйкес осындай жұмыстар аурухананың А және Б корпустарына да атқарылатын болады. Өндірістік кестеге сай құрылыс келер жылдың қазан айында пайдалануға беріледі.

Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыс сапасын жиі бақылап, ғимараттың науқастар үшін қолайлы жасақталуына қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.

Шымкент қаласы бойынша амбулаторлық деңгейде 14 мемлекеттік емхана және 37 жеке меншік медициналық орталықтар қызмет атқарады. Стационарлық деңгейде 15 мемлекеттік аурухана 3533 төсек орында және 25 жеке меншік аурухана 788 төсек орында қызмет көрсетуде. Ресми деректерге сәйкес, денсаулық сақтау жүйесіндегі медицина қызметкерлерінің саны 15256 адамды құрады, оның 4760-сы дәрігерлер, 10496-ы орта медицина қызметкерлері. Қаладағы медициналық ұйымдарда 2022 жылы ересектер үшін онкогематология, нейрохирургия бөлімшелер ашылды. Онкологиялық орталықтың базасында ПЭТ орталығы және сәулелік терапия орталығы іске қосылды.

Шымкент қаласы бойынша науқастарға сапалы эндокринологиялық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында Т. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығындағы эндокринологиялық төсек орын көбейтіліп, диабеттік табан бөлімшесі ашылады.

Аумақтық қолжетімділікті, халыққа медициналық көмектің сапасын арттыур мақсатында, №2 қалалық ауруханасының хирургиялық төсек орын саны көбейтілді. Сондай-ақ «Атамекен» медициналық орталығында жоспарлы және шұғыл хирургиялық қызмет көрсететін 50 төсек орынды бөлімше ашылып, жақын маңдағы 5 емхананың науқастарына шұғыл стационарлық медициналық көмек көрсетілуде.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
Бүгін, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста