jasqazaq.kz

“Мұндай диагнозбен келген науқастардың 90 пайызы қайтыс болады”: Сірке суы мен куркума ішкен шымкенттік әйелдің жағдайы туралы дәрігер ақпарат берді

19 желтоқсан 2024, 15:28

Шымкентте интернеттегі халық емінің нұсқаулығы бойынша қан қысымын түсіру үшін алма сірке суы мен куркума ішкен әйел ауыр жағдайға тап болған еді. Науқастың жағдайы туралы Шымкент қалалық №2 ауруханасының бас дәрігері Бақытжан Позилов «1001 түн» бағдарламасында айтып берді.

“Науқас 1971 жылғы. Әлеуметтік желі арқылы қан қысымын төмендету үшін куркума мен алма сірке суын ішуге болады деген кеңес көрген. Осыған сеніп, базардан сатып алған өнімдерді ішкен. Нәтижесінде, аллергиялық реакция пайда болды. Бұл аллергияның ең ауыр түрі еді – денесінің терісі сыпырылып түсті. Науқас ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді,”– деді дәрігер.
Оның айтуынша, науқастың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік аз болған. Бірақ дәрігерлердің кәсіби біліктілігінің арқасында науқастың жағдайы жақсарып, бөлімшеге ауыстырылған.
“Дәрігерлер алғашында үміт жоқ деп ойлады. Алайда дұрыс ем қолданудың нәтижесінде ол аман қалды. Қазір жағдайы тұрақты. Бір аптадан кейін ауруханадан шығарылады,”– деді Бақытжан Позилов.
Дәрігердің айтуынша, науқас бір апта бойы сірке суы мен куркума ішкенін мойындаған. Бірақ мұндай «емнің» салдары ауыр болған.
“Мұндай диагнозбен келген науқастардың 90 пайызы қайтыс болады. Әлеуметтік желілерде халықты емдеу бойынша кеңестер беретін, бірақ медициналық білімі жоқ адамдардың әрекеті қауіпті. Олар түрлі өнімдерді жарнамалап, бизнес жасап жатыр. Оның ішінде биологиялық белсенді қоспалар бар. Бұл – дұрыс емес. Адам ауырса, ең алдымен дәрігерге қаралуы керек,”– деп ескертеді дәрігер.
Мамандар халық емін қолданбас бұрын, оның қауіп-қатерін ескеру қажеттігін айтады. Әсіресе әлеуметтік желілердегі кеңестерге сенудің қауіптілігіне назар аудару керек. Ең дұрыс шешім – дәрігерге жүгіну және медициналық кеңес алу.
Бұл оқиға жалған ақпаратқа сенудің қаншалықты қауіпті екенін тағы бір рет дәлелдеп отыр. Жалған ем-домнан бас тартып, денсаулықты кәсіби мамандарға сеніп тапсыру – өміріңізді сақтап қалудың кепілі.

Олжас Әбдіхалық

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық