jasqazaq.kz

Мына қыз тым арық қой, қалай бала туады?

14 желтоқсан 2023, 14:40

Әнші Құдайберген Бекіш отандық бағдарламаға сұхбат берген кезінде отбасылық қарым-қатынасы қалай өрбігені жайлы сөз етті.

«Биыл бірге болғанымызға 40 жыл болыпты. Өнермен бірге өмірді де бастаппыз. Ол кісіні көріп жүретінмін. Бір күні шелекпен су алып тұр екен, көмектесейін дедім. Шелекті жай көтеріп бардым. Бірақ үйіне жақындай бастағанда қолым дірілдей бастады. Содан танысып кеттік. Ол кісінің аты — Жанна. Содан достастық, маған әдемі шәй берді. Ол кезде қыздардың қолынан шәй ішу деген бақыт қой. Тіпті қыздардың қасына жолауға қорқатынбыз. Тәртіп қатал еді. Махаббат қоя ма?! Жәкеңе үйленіп алдым. Қалай айттым, солай үйлендік. Қазір шүкір, бақыттымыз. Менің осылай жарқырап жүргенім әйелімнің арқасы. Келіншегімді анама апарып таныстырдым. Сол кезде анам Жаннаны ұнатпады. «Мына қыз тым арық қой, қалай бала туады?» дегені бар. Ана деген бәрібір баласының көңілін қалдырмайды ғой. Солай ақ батасын алып, үйленіп үлкен той жасадық», — дейді өнер иесі.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі