jasqazaq.kz

«Мың жерден ақылды болсаң да, ақымақтың рөліне кір» (Видео)

22 наурыз 2024, 13:56

Танымал әзілкеш, блогер Мереке Қалбаева қыз-келіншектермен отбасылық қағида туралы ойын әлеуметтік желіде бөлісті.

«Қыздар, менің түсінгенім, сен мың жерден мықты әйел бол, қырып-жойып ақша тап, тауды қопарып тірлік қыл, бірақ күйеуіңнен бір саты төмен тұрмай, сыйламасаң, онда ақшаңның берекесі болмайды. «Ақылдылар көбейген» демеңдер. Басымнан өткен соң бөлісейін дедім.

Үйленген соң бастапқы жылдары Арекеңді (күйеуі Арсен) тыңдағым келмей, сөз қайтарып, а десе мә деп, болмайтын жерден ұрыс шығарғым келіп жүргенде, нәтижесі ажырасуға бір қадам болды. Ол кезде үйіміз жоқ, қарыз көп, пәтердің жағдайы нашар,береке де, тыныштық та жоқ еді. Одан соң өзіме «Мереке, сен қуасың ба? Ол ішпейді, шекпейді, ұрмайды, басқа қыздарға қарамайды, сені ғана сүйеді. Сонда саған не керек?

Таңда! Арсенді алға шығарып, өзің соған арқа сүйейсің. Болмаса, ажырасасың!» деп өз-өзіме таңдау жасаттым. Не керек, Арсен іске кірісіп еді, бірден байып кеттік, шүкір!», – деп жазды белгілі блогер.

«Өзіңе үнемі қарап, күтімі бар қатын болып жүр. Мың жерден ақылды болсаң да, «ақымақтың» рөліне кір. Бала-шағаң, үйің таза болсын. Тамақты тәтті қылып жаса, бірақ өзің аз же, ешқашан семірме. Еркелеп жүр, бірақ асыра сілтеп, жиіркендіріп жіберме. Қалауыңды түнгі ризашылықтан кейін айт. Дәл осылай істеп жүріп, күйеуің біреуге кетсе немесе ұрса, онда маған айт», – деді әзілкеш-актриса.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі