jasqazaq.kz

Мүмкіндігі шектелуі жандар өз ісін аша алады

17 сәуiр 2023, 13:27

ОКҚ алаңында өткен брифингте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ордабаев Олжас мүмкіндігі шектеулі азаматтар өз ісін ашу үшін арнайы сайт арқылы өтініш беруге болатынын хабарлады.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамтудың бір бағыты — «Кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы.
«Ұлттық жоба шеңберінде біліктілікті арттыру, кәсіпкерлікпен айналысу және субсидияланатын жұмыс орындарына орналастыру шаралары іске асырылып жатыр. Бүгінгі күні ұлттық жоба шеңберінде 13 мыңнан аса мүгедектігі бар жұмысқа орналастыру шараларымен қамтылды. Атап айтқанда, жұмыс берушінің тапсырысы бойынша қысқа мерзімді курстар, оның ішінде онлайн курстар да бар, — деді О.ордабаев.

Биыл грант беру тетігі қайта қаралды. Оның ішінде халықтың осал топтарына, атап айтқанда, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедек балалары бар ата-аналарға басымдық беріледі.
Өтінішті enbek.kz сайты арқылы онлайн жіберуге болады.

Вице-министрдің айтуынша, жеке ісін ашу үшін 481 адам және мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған 286 ата-ана грант алды. 1 200 мүгедектігі бар адам тұрақты жұмысқа және 5 900 адам субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылды.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура