jasqazaq.kz

Мүлік салығын 1 қазанға дейін төлемесе не болады?

21 қыркүйек 2023, 12:25

Астана қаласы мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдері басқармасының басшысы Ерлан Бәкіров өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталуға жақын қалғанын ескертті.

1 қазанда жеке тұлғалардың 2022 жылдың мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады. Осыған байланысты өткен брифингіде Ерлан Бәкіров Астана бойынша 424 мың жеке тұлғаға 2022 жылдың мүлік салығы есептелгенін айтты. Жалпы сома – 3,7 млрд теңге.
«Дегенмен, бүгінгі таңда 189 мың адам тиісті салықты төлемеген. Бұл — жалпы соманың 1,3 млрд теңгесі деген сөз», — деді басқарма басшысы.

Департамент өкілі салықты кешіктірген азаматтарға қандай шара қолданылатынын түсіндірді.

«2 қазаннан бастап салық борышы бар адамдарға қалыптасқан салық қарызы туралы хабарлама жолданады. Борыш сомасы 1 айлық есептік көрсеткіштен асса (3450 теңге – ред.), хабарлама табысталған күннен 30 жұмыс күні өткенде борышты мәжбүрлеп өндіріп алу туралы салық бұйрығы толтырылады», — деді Ерлан Бәкіров.

Сондай-ақ, ол көлік салығын төлемегендерді бейнекамера арқылы анықтау жүріп жатқанын ескертті. Айта кету керек, жылдық көлік салығы келер жылдың сәуіріне дейін тұрғылықты мекенжайы бойынша төленіп отыруы керек.

«12 қыркүйектегі жағдай бойынша көлік құралдарының салығы бойынша қалыптасқан борыштың жалпы сомасы 2,1 млрд теңге болған. Салық борышы бар азаматтар саны – 27 мың. Жеке тұлғалардан көлік салығын өндіріп алу үшін Астана қаласы полиция департаментінің жедел басқару орталығына «Қорғау» және «Сергек» жүйесіне жалпы салық қаразы 2 млрд теңге болатын 4248 көліктің дерегі енгізілді. Арнайы жүргізілген рейд кезінде 103 млн теңгенің салығы төленбеген 1010 көлік анықталып, 99 млн теңгесі өндірілген. Ал мойнында 42 млн теңгенің салық борышы бар 33 автокөлік айып тұрағына қойылды», — деді басқарма басшысы.

JQ-Aqparat

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры