jasqazaq.kz

Мұхтар Ниязов: Осындай кинолар удан зиян

04 қазан 2023, 15:05

Танымал айтыскер ақын Мұхтар Ниязов «Белгісіз батырлар» атты отандық фильмді қатаң сынады.

Ақын әлеуметтік желіде аталмыш фильмде қанша батырдың еңбегі мазаққа айналғанын жазды.

«Қазақтың намысын, өткенін, тарихын мынадай деңгейде мазақ қылып, аяққа таптаған киноны көрмеппін. Басынан соңына дейін көрген жоқпын, бірақ ақша тәуекел он бес минут алтын уақытым кеткенін айтсай. Ең жаманы-қаншама жастардың жылайтын нәрсеге күліп отырғаны. Өмір юмормен жеңіл. Мен әзілді бір кісідей айта да, түсіне де алатын адаммын. Ал мынаны түсіне алмадым. Көшенің көлденең жүрген бейпіл ауыз жаргондары өз алдына, қабырғасынан қан кешкен қаншама батырлар мен шаһиттердің еңбегі де, ерлігі де мазаққа айналған. Меніңше біз сияқты ұлттық рухы мен тарихи санасы әрі-сәріде жүрген елге осындай кинолар (кино деуге келсе әрине) удан зиян деп ойлаймын. Сұмдық енді, айтарға сөзім жоқ, сөз тапсам айтармын», — деп жазды ол.

Фильмде басты рөлдердің бірін сомдаған актер Нұрболхан Шарапов фильмдегі оқиғалар ешқандай тарихи оқиғаға негізделмегенін айтқан.

«Рахмет пiкiрiңiзге! Кино авторларының айтар ойы шикi жеткiзiлгенi анық. Бiрақ, фильм ешқандай да тарихи оқиғаларға негізделмеген. Керiсiнше, қазiргi замандағы елдегi оқиғаларды сарказм арқылы жеткiзу болған ғой. Арасындағы анайы артық әңгiмелермен шәйiлiп кетiп тұр. Оны киноның премьерасында байқадық. Және ол продюсерге де ескертiлдi. Оны өзiңiзге де телефонмен айттым. Ал сын орынды! Постқа ерiп, фильмдi көрмей сын жазғысы келiп жатқандарға айтарым, Ойыңды ашық жазу үшiн бiрiншi көрiңiздер. Тарихты немесе батырларымызды қорлаған болса айтарсыздар», — деп жауап қайтарды актер.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі