jasqazaq.kz

Мүгедек балаларға деп ақша жинаған: Перизат Қайраттың ісінде тың деректер шықты

19 ақпан 2025, 11:39

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Мәжіліс отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Перизат Қайраттың ісі қандай сатыда екенін айтты.

— Бұл іс бойынша қазір аяқтау сатысында тұрмыз. Жуық арада тергеу материалдарымен танысу сатысы басталады. Танысу сатысы қаншаға созылатынын мен айта алмаймын. Өйткені бұл процеске қатысушыларға байланысты. Қылмыстық істің материалдары айғақ заттарды қоспағанда 100 томнан асады. Қазір күдікті қамауда отыр. Қамау мерзімі ұзартылған, — деді ол.

Сондай-ақ, ол аталған іс бойынша Перизат Қайраттың анасы да күдікті екенін атап өтті.

— Біріншіден, «алаяқтық» бабы бойынша айып тағылып отыр. Сондай-ақ, 218-бап бойынша іс қозғалған. Бұл қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру мәселесі. Бірнеше эпизод тергеліп жатыр. Бұған дейін оның Палестинадағы жағдайға байланысты және тасқын кезінде қайырымдылық мақсатқа жинаған ақшалар бойынша эпизодтар тіркелгенін релиздерде мәлімдеген едік. Қаңтардың аяғында қосымша эпизодты қостық. Бұл эпизод бойынша ол мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығын құруға ақша жинаған. Осылайша 22 млн теңгедей ақша тартқан. Ол ақшаны да жеке қажетіне жұмсаған. Бүкіл эпизодтар бойынша жинаған соманы дөңгелектегенде пәтер, жер үй, көліктер сатып алған. Оның бәрін, мекенжайын, көлік маркаларын бұған дейін хабарлағанбыз, — деді агенттік төрағасының орынбасары.

Коллаж: Kazinform

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі