jasqazaq.kz

Мұғалімдер Түркияның түнгі клубында сайран салғаны үшін қуылмапты…

16 қантар 2024, 16:10

Екі-үш күннен бері Қызылорда облысы Қармақшы ауданында екі мұғалімнің жұмыстан не үшін шыққаны туралы жаңалық БАҚ бетінен түспей қойды.

Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов Фейсбуктегі парақшасында: «Қысқы демалыс уақытында Түркияның түнгі клубтарының бірінде қыдырып жүрген Қызылорда облысының екі мұғалімінің әлеуметтік желілердегі жарияланымдары ата-аналар қауымының наразылығын тудырды. Педагогтер жұмыстан босатылды», — деп жазды.
Ал inform.kz Қызылорда облыстық білім басқармасы екі мұғалімнің өздері арыз жазып, жұмыстан шыққанын мәлімдегені туралы хабарлады.

«Басқармаға қарасты Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы №250 мектеп-лицейінде жұмыс істеген мұғалімдер ақысыз демалыс алған күндерінен бөлек, 2-5 жұмыс күндері аралықтарында белгісіз себептермен, ескертусіз жұмыстан қалған. Сол себепті ҚР Еңбек кодексінің 49-бабы, 5-тармағына сәйкес, өз арыздарымен жұмыстан босатылғандығын жеткіземіз», — депті облыстық білім басқармасы.

Бірақ білім басқармасы қалай ақталса да, «пойыз кетіп қалды».

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі