jasqazaq.kz

Мопед айдаушылар енді тайраңдай алмайды

19 қыркүйек 2024, 14:04

Мопедтерді тіркеуге қойып, мопед айдаушылар құжат алуы тиіс. Үш заңға тиісті өзгертулер енгізіліп, Мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді.

Бұған дейін жылдамдығы сағатына 50 шақырымнан аспайтын мопедтер ғана тіркелетін. Қазір ел ішінде есепке алынбаған 80 мыңнан астам мопед жүйткіп жүр. Былайша айтқанда, оларға «сот жоқ». Себебі жол ережесін бұзып, камераға түсіп қалса да кім екенін анықтай алмайды. Ал тіркеліп, номер алған соң жағдай басқаша болады. Ереже бұзған мопедші автокөлік жүргізушісі сияқты жауапқа тартылады. Бұған дейін жолдың қарсы бетіне шыққаны үшін көлік шопыры жарты жылға құжатынан айрылса, мопед айдаушы 2 АЕК айыппұлмен құтылатын. Оның өзінде кім екені анықталса! Себебі дулығадан бет-жүзі көрінбейтін, номері жоқ мопедті табу шөмеленің ішінен ине іздегенмен бірдей еді.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мопед айдаушыларға жүргізуші куәлігін алу үшін жарты жыл уақыт берілетінін айтты.
Алматы сияқты ірі мегаполис тұрғындары осы заңнан зор үміт күтеді. Өйткені өзіне де, өзгеге де қауіп төндіретін мопедшілер жұртты әбден мезі етті.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі