jasqazaq.kz

Мөлдір Мұқанова: Тоқал алуға қарсымын

16 мамыр 2023, 17:58


Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы күйеуіне тоқал әперуге қалай қарайтынын айтты. Отандық бағдарламаға сұхбат берген Мөлдір Мұқанова жан сырын ақтарды.
«Кез келген әйел сияқты, мен тоқал алуға қарсымын. Иә, әрине. Ондай шешімі болса, жолың ашық деймін. Бірге өмір сүрмеймін», — деді Мөлдір Мұқанова.
Сонымен қатар Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовтың қызғаншақ екенін де ашып айтты.
«Алтыда жұмыстан шығамын. Алтыдан жиырма кеткенде үйде болмасам, у -шу басталып кететін. Азаматым (Тұрсынбек Қабатов — ред.) қызғаншақ болды. Бірінші қызымды босанғаннан кейін өте әдемі болып кеттім. Өмірімде болмаған 60 келі салмақта болдым. Жасарып кеттім. Қызғана бастады. Сағат 18:05-те жұмыстан шықпасам, екінші қабатқа тарс еткізіп тас лақтырады. Бір кабинетте он адам отырамыз, ұят қой. Одан кейін ұлттық банкке жұмысқа тұрдым. Сол жерде бас экономист болып жұмыс істедім. Мемлекеттік бағдарламамен үш бөлмелі үй алдық. Сөйтіп, төртінші балаға аяғым ауыр болғаннан кейін мемлекеттік қызметпен қоштастым», — деді Мөлдір Мұқанова.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі