jasqazaq.kz

Мөлдір Мұқанова: Рахаттанып күліп отырып, жүрегің жылап тұрады

30 сәуiр 2023, 11:55


Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова анасынан 13 жасында айырылғанын айтып, көз жасына ерік берді. Әртістің әйелі өмірден ерте кеткен анасы мен әкесі жайлы отандық бағдарламада есіне алды.
«Анамнан 13 жасымда қалдым. Анам ол кезде 45 жаста еді. Ең үлкен орны толмас өкініш дей ме, тағдыр… Кейде ойлаймын, рахаттанып күліп отырып, жүрегің жылап тұрады. Анасы бар адамдарға қызығамын. Оларды бақытты деймін. Өмір жасы ұзақ болсын деймін. Себебі, мен сияқты жыламаса деп ойлаймын. Бұл көз жасы өмір бақилық. Мен жүзге толсам да, тоқтамайтын көз жасы. Жүректегі бітеу жара. Әкем де дүниеден ерте кетті. Ол кезде 24 жаста едім. Анам көрмеген қызықты әкеміз көреді деп ойлағанда, көре алмай кетті. Осылай біздің шалқып жүргенімізді, әдемі өмірімізді көре алған жоқ. 18 шаршы метр жатақханада тұрған өмірімді көрді. Тұрсынбектің атақты болғанын көрген жоқ. Үйде алты ағайындымыз. Әке-шешеме алты бауыр қылып қалдырып кеткеніне шексіз алғыс білдіремін. Әкем көзі тірісінде «Қанша бауырларды көремін. Менің берген тәрбием демеймін, мұндай бауырмашыл бауырларды көрмедім» деп жылап отыратын», — деді көз жасына ерік берген Мөлдір Мұқанова.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі