jasqazaq.kz

Мөлдір Әуелбекова істі болған Төреғалиға қатысты пікір айтты

15 маусым 2023, 10:34

Күні кеше отандық әнші Төреғали Төреәлі Алматыда есірткіге мас күйде полицияға ұсталған болатын. Кейінірек әнші 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Төреғали Төреәлінің әріптесі Мөлдір Әуелбекова осыған қатысты пікір білдірді.
Мөлдір Әуелбекова Instagram желісінде оқырман сауалына жауап берген. Желі қолданушысы Мөлдір Әуелбековадан «Қалай ойлайсыз, Төреғалидің жасағаны дұрыс па, бұрыс па?», — деп сұраған. Ал Мөлдір Әуелбекова оның бұл әрекетін дұрыс дей алмайтынын атап өтті. «Әрине, «дұрыс» деп айта алмаймын. Ал жалпы, Төреш, оның отбасы жақсы адамдар. Ол да бір ананың баласы. Ұл мен қыздың әкесі. Бір білерім, оның да іштен тынып, сыр білдірмей жүрген сынақтары бар. Кейбіреулер желіге ауыр сөз жазарда ойланса екен. Анасына өте ауыр ғой. Аналар жыламасыншы», — деп жазды Әуелбекова.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі