jasqazaq.kz

Мөлдір Анарбаева: Мәхір деген жігіттердің соры болды

07 желтоқсан 2023, 13:46

Белгілі журналист, блогер Мөлдір Анарбаева мәхірге аста-төк сыйлық сұрайтындарды сынға алды. Блогер осы орайда жас қыз-келіншектерге өзгенің салтын дәріптемеуге шақырды.

«Мәхір деген жігіттердің соры болды. Алдымен соны алу үшін еңбегің сіңді ме?! Есеппен байға тиесіңдер ме?! Адам саудасынан қалған өзгенің салтын дәріптемеңдер! Қазақ бала көтерсе, туса әйелді өз сатысымен көтеріп отырған міне саған мәхір!
Еркек те адам! Ол асырасын деп дінді сылтауратып жатқан да өзім асыраймын отыр, — деп қатынын көлеңкесінен қызғанып жүрген де есалаң! Қоғаммен араласы жоқ әйелдің балалары болашағымыздың соры!

Көзі жабық, көкірегі сөнген әйелден бала болғанымен шала болады! Ұрпақ тәрбиелейтін әйел! Үйінен шықпайтын, жұртпен аралас-құраласы жоқ, қараңғы әйелдің баласы да сондай болады. Еркек қана еңбек қылатын заман емес. Қолдан келсе екі жақтау керек. Ал мәхір сұрап бір саты жеке дара байып алғысы келетін жас қыздарда бір гррам сезім жоқ! Олар есеп қуып байға шыққандар! Жаны ашыса жігітін қинай ма?! Үй боламын деген есі түзу адам солай дей ма?!», — деп жазды ол.
Көпшілік блогердің бұл жазбасына жаппай қолдау көрсеткен. Олар:

«Дұрыс айтасыз, мәхір сұрауды кейіннен шығарды, бұрын ондай болмайтын», «Бір айтатын адам табылды-ау әйтеуір», «Қайдам ешнәрсе сұрамай ақ, айлығы төмен жігітке, кредитіне қарамай тұрмысқа шықтым. Кредитке одан сайын кіріп кетпесін деп, той да, қалыңмал да сұрамадым. Бақытты болып өмір сүріп жатырмыз», «Ай Мөлдіржан ең өзекті әңгімені қозғадың, жарайсын!!!! Махірге әдемі орамал деседе болады-ау» деп жазды олар.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі