jasqazaq.kz

Мөлдір Анарбаева: Ертең келінге ақыл айтатын жүзіңді қазірден қамда!

17 қантар 2024, 13:02

Алып-анадан туады! Менің сөзім емес. Өзімізді аяй бермейік те.
Ортамызда мықты әйелдер әлі де көп. Қара шаңырақты шаттыққа бөлеп отырғандарға мың алғыс! Ал шыр айналдырып, шәт-шәлекейін шығарып жүргендерді шаңырақтың киесі ұрады. Шаңыраққа сәлем салып кіретін апалар не көздеді?! Өмірден өткен бабасына құрмет көрсетті. Шаңырақтың киелі екенін біліп тұр. Келінге тіке қарауға ары бар. Әйел рухты болса, бала өжет болады. Кімге түсінікті болса сол ұғар. Шошаңдай беретін келіндерге ой болсын. Қазір жеңесің кейін өкінесің, әруақ бар. «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді». Мияулай бермеңдерші кейбірің.

Ал ез еркек қайдан шықты? Ол да анадан. Қазақстан құлдырап бара жатқан да ала дорба арқалап күнкөрістің қамымен қайтсек, аш қылмаймыз деп тәрбиеге мән бермей кеткен отбасыдан шықты. Енді ол олқылықты болдырмау керек. Ақыл айтуға дәрменсіз ана да, ене де бар. Оны жоққа шығара алмаймыз. Енді соны болдырмаудың жолын ойлау керек. Ертең келінге ақыл айтатын жүзіңді қазірден қамда. Мені көретіндердің 80% жас әйелдер. Құрғақ күлкіден ой саларлық дүние жақсы. Талқылау одан да жақсы. Қара шаңырақта отырған ақылды келіндерге алғыс! Оларды ақылы бар абысын да қайын інісі мен ағасы да құрметтеуі керек. Әркімнің мәселесі өзіне аян. Көп өмір сүргеннің бәрі ақылды емес, әрине, ал ақылда адам оларды кемшілігіне қарамай, ақ шашын құрметтеп құдайдан алғыс арқаламай ма… Ал ойынқұмар, нашақор, жауапсыз, ішкіш, жүргіш, жауапсыз еркекпен күн кешіп жүрген әйелге сөз жоқ. Өте қиын…», — дейді блогер.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі