jasqazaq.kz

Мобильді аударымды қайта қарау — тексеруден бас тарту деген сөз емес

13 ақпан 2024, 12:49

Сурет: depositphotos.com

Өткен жылдың соңынан бері «жыр» болған мобильді аударымдарды тексеру мәселесі қайта қаралмақ. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты.

«Біз қаржылық-экономикалық блоктың ішінде бұл мәселені қарастырамыз. Өлшем шарттарын, тетіктерін әлі де егжей-тегжейлі қараймыз. Бұл сұраққа қайта ораламыз», — деді ол.

Ал қаржы министрі Мәди Тәкиев мобильді аударымдар бәрібір тексерілетінін тәптіштеді.

«Мобильді аударымдар қалады. Бірақ әлі қараймыз. Жеке кәсіпкерді қалай анықтайсыз? Тағы да айтайын, біз құқықтық мемлекетпіз. Әділетті мемлекетпіз, дұрыс па? Сіз бен біз осы заңның сақталуын қарауымыз керек. Біреулер төлейді, біреулер төлемейді. Әділдік болу керек, яғни бәрі салық төлеу керек. Бірақ әркімнің өз мөлшері болатыны түсінікті. Сондықтан біз түрлі режимдерді қарастырып жатырмыз. Осы режимдер арқылы салық жүйесі қалай жұмыс істейтінін ойластырып жатырмыз. Бұл бәрін бір арнаға тықсырып тастау деген сөз емес», — деді министр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі