jasqazaq.kz

Министрлік: Жалған ақпаратқа сенбеңіз!

19 қыркүйек 2016, 16:45

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі Whats аpp мессенджері мен әлеуметтік желілерде медициналық препараттарды қабылдағаннан кейін туындаған аллергиялық реакциядан адамдардың көз жұматыны туралы таратылған ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

 Whats аpp және басқа да әлеуметтік желілер арқылы адамдардың медициналық препараттарды қабылдағаннан кейін туындаған аллергиялық реакциядан көз жұмып  жатқандығы туралы ақпарат ел тұрғындарын әжептәуір дүрбелеңге салған болатын. Осыған қатысты министрліктің ресми сайты мәлімдеме жасап, бұл ақпараттың жалған екенін хабарлады.

«ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі дәрілік құралдардың жанама әсеріне тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады. 2016 жылғы 19 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша аллергиялық реакция туындатып, балалардың өлім-жітіміне себеп болды деген дәрілік құралдар (амоксициллин, капесула, ибупрофен (суспензия), алклофенак, ангисепт, сумамед, ингалипт, инфлюцид, балаларға арналған панадол және санасол) туралы ешқандай шұғыл мәлімет келіп түскен жоқ» — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін whats app мессенджері мен әлеуметтік желілерде осы тәріздес шындыққа жанаспайтын ақпарат бірнеше рет таратылған болатын. Осыған орай ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ҚР Ішкі істер министрлігіне, ҚР Бас Прокуратурасына және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жалған ақпаратты таратудың жолын кесуге шара қолдану туралы хат жолдаған болатын.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді