jasqazaq.kz

Министрлік 15 мың, федерация 100 мың доллар сыйақы береді

15 мамыр 2023, 16:42

Бүгін Астана әуежайында Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатында олжа салған оғландарды салтанатпен күтіп алу рәсімі өтті. Саңлақтарды қарсы алған шоғырдың арасында болған мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов әлем чемпиондарына ведомство тарапынан 15 мың АҚШ доллары мөлшерінде сыйақы берілетінін айтты. Бапкерлеріне де сондай көлемде қаржылай сыйақы тағайындалып отыр. Ал Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Ташкентке жүрерде боксшыларды қанаттандырып, әлем чемпионы атанғандарына 100 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы тағайындайтынын айтқан болатын. Халықаралық бокс федерациясының (IBA) президенті Умар Кремлев әлемдік додада алтын алған әр боксшыға 200 мың АҚШ долларынан беретінін мәлім еткен-ді. Осылайша біздің әлем чемпионы атанған боксшылар 315 мың доллар сыйақы алады.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі