jasqazaq.kz

Министрліктің орысша уағызға қатысты уәжі

23 қыркүйек 2016, 13:56

b728cd6a-db1f-4659-8147-bd58edface32_w987_r1_s

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мешіттерде уағызды қосымша орыс тілінде жүргізу ұсынысы төңірегінде БАҚ-тарда және әлеуметтік желілерде туындап жатқан пікірлерді ескеріп, ресми түсінік беруді жөн көрді.

«Қазақстан Республикасы дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті еліміз мешіттерінде ресми уағыздардан кейін, оның түсініктемесі қосымша түрде орыс тілінде айтылуы қажет деген мәселе төңірегінде бірқатар БАҚ-та туындаған талқылауларға қатысты түсіндірме беруді қажет деп есептейді. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде өткен экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелеріне арналған «дөңгелек үстелде» жекелеген мешіттерде уағыздардан кейін имамдардың орыс тілін пайдалануы туралы мәселе, министрлік тарапынан емес, осы шараға қатысушылардың бірімен көтерілген болатын.Сәйкесінше,  дін істері және азаматтық қоғам министрі аталған іс-шара барысында осы мәселе төңірегінде журналистер тарапынан сұрақтар қойылғаннан соң, біршама түсініктеме берген болатын», делінген министрлік таратқан хабарламада.

Министрлікке исламға қызығушылық танытып жүрген бірқатар діндарлардың мешіт имамдарының уағыздарын толық түсінбейтіні туралы ел азаматтарынан өтініштер түсіп отырады екен. Олар діндарлардың осы себепті ислам туралы ақпаратты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми көздерінен тыс жерлерден, оның ішінде теріс діни ағымдардың ұстанушыларынан алуға мәжбүр болатынын айтады.

«Сәйкесінше, өтініш жасаушы азаматтар халықаралық тәжірибені ескере отырып, мешіт имамдары ресми уағыздардан кейін қазақ тілін айтарлықтай меңгермеген азаматтар үшін орыс тілінде де түсіндірме беруді ұсынады. Осы ретте, аталған мәселе тұрғындарының құрамы көптеген ұлттардан тұратын елдімекендердегі жекелеген мешіттерге ғана қатысты екенін айтуымыз керек. Министрлік, өз кезегінде, азаматтардан түсіп отырған кез келген өтініштерді қарастыруға және оларды талдап отыруға міндетті. Осы орайда, министрлік құзыретіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ішкі мәселелерінің шешімін табу кірмейтінін айта кеткіміз келеді», — деп хабарлайды министрлік.

Сондықтан бұл мәселе бойынша мешіттерге келушілердің пікірін ескере отырып, шешім қабылдауы тиіс Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына хабарласуды ұсынады.

«Қ азақстан дін істері және азаматтық қоғам министрлігі дін істері комитеті еліміздің Конституциясында кепілдік берілген сөз бостандығына құрметпен қарай отырып, отандық бұқаралық ақпарат құралдарын дін тәрізді өткір салада туындап отыратын мәселелер туралы екіұдай ақпарат беруге жол бермеуге және тұрғындарға шынайы ақпаратты дұрыс жеткізуге шақырады», делінген таратылған хабарламада.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде