jasqazaq.kz

Министрге ескерту, төрағаға сөгіс берілді

15 мамыр 2023, 11:34

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Президентітң сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі респбуликалық штабтың отырысы өтті. Жиында Үкімет басшысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын кешенді түрде жаңғырту мәселелерін оңтайлы шешу қажеттігін ескертті. Премьер-Министр Мемлекет басшысы саладағы күрделі проблемаларды ескере отырып, елдің тіршілік көзіне қажетті барлық жүйені жаңғыртуға және күрделі жөндеуге бағытталған «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыруды тапсырғанын айтты.

«Біз заңнамалық түзетулерді, нормативтік құқықтық актілерді қабылдадық. Бұған дейін табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалары мен тарифтерін түзете алмай келген едік. Енді оған мүмкіндік туып отыр. Бұл процесті созбалаңға салуға болмайды. Желілер мен станцияларды күрделі жөндеу жұмыстарын жедел бастау маңызды. Бұл – кезек күттірмейтін міндет. Әсіресе, бұл – құрылыс маусымы қысқа және жылу беру кезеңі ерте басталатын солтүстік өңірлер үшін өзекті мәселе», – деген Үкімет басшысы ведомство басшысы Әлібек Қуантыровқа ескерту жасап, үйлестіру жұмыстарының төмен деңгейде жүргізілгені үшін табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаевқа сөгіс жариялады.«Коммуналдық қызметтердің сапасына қатысты Президенттің және халықтың тарапынан орынды сын естіп келеміз. Алдымыздағы жылыту маусымында өткен қыста орын алған төтенше жағдайларға жол бермеу керек. Қатаң талап қойылады», — деді Әлихан Смайылов.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі