jasqazaq.kz

Министр: Жылусыз қалған қалалардағы жағдай апат емес, технологиялық ақау

12 желтоқсан 2023, 15:38


Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жылумен жабдықтау саласында проблемаға тап болған қалалардағы жағдай туралы мәлімет берді.
«Өткен аптадан бастап Қазақстанға суық атмосфералық ауаның кіруімен энергия көздері мен жылу желілерінде бірқатар технологиялық бұзушылықтар байқалды. Энергетика министрлігінің құзыреті шеңберінде технологиялық бұзушылықтар Теміртау қаласындағы «Bassel Group LLS» ЖШС және Екібастұз ЖЭО Риддер ЖЭО, ГРЭС-1-де ғана тіркелді. Бұл нысандарда температура режимі толық көлемде қалпына келтірілді. Сонымен қатар технологиялық бұзушылықтардың сипатына қарасақ, аталған жағдайлардың ешқайсысы апатқа жатпайды», — деді министр.
Оның сөзінше, Степногорск, Балқаш, Ақтау және Көкшетау қалаларындағы жылу желілеріндегі технологиялық ақаулар да нормативтік мерзімде жойылған.
«Қазіргі уақытта барлық тұтынушы қосылған. Электр қуатын тұтынудың ең жоғары мөлшері 2024 жылғы қаңтарда 16,5 мың МВт өз генерациясы кезінде 17 мың МВт деңгейінде күтіледі», — деді Алмасадам Сәтқалиев.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде