jasqazaq.kz

Министр су тасу қаупi жоғары аймақтарды атады

28 наурыз 2017, 11:32

ҚР Iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымов Үкiмет отырысында ауа райы болжамына байланысты 6-7 сәуiрде Қостанай облысында, 8-9 сәуiрде Ақмола, Қарағанды, Солтүстiк Қазақстан облыстарында су тасу қаупi жоғарылайтынын айтты.

ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев кеше Қызылорда облысында Сырдария өзенiнде су тасқыны басталғанын айтып, аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтан жағдайды баяндауды сұрады деп хабарлайды baq.kz .

«Ешқандай қауiп жоқ. Жоспарланған iстердiң барлығын атқардық. Арал ауданы аймағында екi-үш нысанды жөндеу керек. Сондықтан, жергiлiктi деңгейде, яғни аудандық көлемде төтенше жағдай жарияланған. Соның қазiр есептерiн қарап жатырмыз. Облыстық бюджетте тиiстi қаржы бар. Мәселенiң барлығын толығымен шешуге болады», — дедi облыс басшысы.

Сондай-ақ, ҚР IIМ басшысы Қалмұханбет Қасымов жалпы республикадағы жағдайға тоқталды. Министрдiң айтуынша, барлық өңiрде жұмыс атқарылып жатыр.

«24-25 наурызда Солтүстiк Қазақстан облысы мен Ақмола облысын тiкұшақпен тексерiп шықтық. 29 наурызда Қарағанды облысын тексермекпiз. Бiз Қазгидромет мәлiметтерi мен су қоймаларының толу деңгейiне байланысты қаупi жоғары аймақтарға Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстары, СҚО, ОҚО-ларды жатқыздық. Соңғы күндердегi ауа райы мен жағдайға байланысты қауiптi жағдай тек Қостанай мен Солтүстiк Қазақстанда сақталып отыр деп айта аламыз. Қызылорда облысында аздап су тасыды, жұмыс атқарылды, ендi аса үлкен қауiп жоқ», — дедi министр.

Қ.Қасымовтың айтуынша, ауа райы болжамына байланысты 6-7 сәуiрде Қостанай облысында, 8-9 сәуiрде Ақмола, Қарағанды, Солтүстiк Қазақстан облыстарында су тасу қаупi жоғарылайды. Осы мерзiмге дейiн барлық күш әзiрленiп, қажеттi шаралар қабылданады, деп уәде бердi министр.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді