jasqazaq.kz

Министр: Ол су тасқынынан емес, өз ажалынан көз жұмған

18 сәуiр 2017, 14:37

Бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов журналистерге көктемгі су тасқыны кезінде болған қайғылы оқиғаға түсініктеме берді.

«Көктемгі су тасқыны кезінде республика бойынша адам өлімі тіркелген жоқ. Тиісті жұмыстардың жүргізілуі қайғылы оқиғалардың алдын алуға септігін тигізді. 4 облыста 1936 үй су астында қалды», — деді ол.

Алайда осы мезетте министрдің сөзін журналист бөлді. Ол «Ал кеше су тасқынынан Ақмола облысында бір әйел қайтыс болды ғой. Осы дерек ше?», — деді Қасымовқа.

«Тиісті сараптамалық тексерістер жүргізілді. Ол әйелде жүрек ауруы болған. Су басқан аумаққа құтқарушылар келген кезде әйелдің 2 тәулік бұрын қайтыс болғандығы анықталды», — деді министр.

Baq.kz хабарлағандай, кеше БАҚ-та Ақмола облысында су басқан үйлердің бірінен әйел адамның өлі денесі табылғандығы жөнінде ақпарат тараған болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде