jasqazaq.kz

Министр ет өңдеу кәсіпорындарының мәселесін атады

16 маусым 2023, 14:12


Ет өңдеу кәсіпорындары тиімді бағада шикізат ала алмай отыр. Бұл туралы Сенатта өтіп жатқан Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты.
Азық-түлік өнімдері өндірісінің жалпы көлеміндегі ет өнімдерінің үлесі 16%. Ет өңдейтін 171 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Салқындатылған ет бойынша ішкі нарықты қамтамасыз ету – 117%, шұжық өнімдері – 61%, ет консервілеріне қатысты 26% құрады, — деді Е. Қарашөкеев.
Оның айтуынша, ет өңдеу кәсіпорындары тиімді бағада шикізатты ала алмай отыр. Сонымен қатар осы кәсіпорындарда айналым қаражаты жеткіліксіз.
Бұдан басқа, тиімді бағамен берілетін шикізатпен қамтамасыз ету үшін ет өңдеу кәсіпорындарына мұздатылған етті бажсыз әкелуге квота беріледі. Ет саласын дамыту үшін кәсіпорындардың құрылысы мен оны жаңғырту шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша инвестициялық субсидия, кредит және лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету, асылдандыру жұмыстары мен мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын субсидиялау сияқты барлық шаралар сақталған, — деді министр.
JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі