jasqazaq.kz

Министр бас сүйекті қарсы алуға қатысты түсініктеме берді

27 желтоқсан 2016, 17:13

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы биылғы 6 қазанда Кейкі батырдың ұрпақтары бабасының бас сүйегін салтанатты түрде неге қарсы ала алмағанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның сөзіне қарағанда, РФ Мәдениет министрі Владимир Мединскийдің өтініші бойынша сол күні әуежайда салтанатты шара ұйымдастырылмады. «Әуежайда «батырдың бас сүйегі неге салтанатты түрде қарсы алынбады?» деген сұрақтар болды. Бұл ретте ресейлік тараптың үлкен өтініші болған еді. Ресейдің мәдениет министрі Мединский Мемлекеттік Думадағы сайлау қарсаңында тарихи құндылықтар бойынша әртүрлі түсініктемелер беріліп жатқандықтан, бұл бағыттағы ақпараттардың кең тарамауын қадағалауды қатты өтінген еді. Өйткені қалыптасқан жағдайды әркім өзінше пайдаланып, өз кезегінде ол Мемлекеттік думадағы сайлауға кері әсерін тигізуі мүмкін еді»,-деді министр ведомствода өткен баспасөз мәслихатында. Осы ретте ол ресейлік тараптың өтінішін орындау оңай болмағанын жеткізді. «Артефактіні ала тұра, ол жайында ештеңе айтпау біз үшін қиындық тудырды. Әрине, біз уәдемізді орындауға мәжбүр болдық»,-деді Мұхамедиұлы. Бұдан бұрын хабарланғандай, 6 қазанда Кейкі батырдың бас сүйегі таңғы сағат 04:50-де Мәскеуден арнайы бортпен елордаға жеткізілетінін естігендер Астанадағы халықаралық әуежайға жиналған. Алайда, бас сүйектің арнайы рейспен жеткізілуіне байланысты жиналған қауым оны салтанатты түрде қарсы ала алмаған еді.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде