jasqazaq.kz

Министр: Аягөзде қаза тапқан балалар үйде жалғыз қалған

26 қазан 2023, 11:15

«Қазіргі уақытта комиссия жұмыс жүргізіп жатыр. Балалардың әкесі жедел жәрдем қызметінде жұмыс істейді, анасы азық-түлік алуға шығып кеткен. Балалар үйде жалғыз қалған. Негізі балаларды жалғыз қалдыруға болмайды. Бұған дейін Астанада, Жамбылда болған оқиғаға бәріміз куә болдық, қазір Аягөзде орын алды. Сондықтан қазіргі уақытта комиссия өз шешімдерін шығарады. Біздің тарапымыздан тек қана жәрдемдесу – психологиялық қолдау көрсету», — деді Еңбек миинстрі елордада «Өзгеріс дәуіріндегі еңбек нарығы» атты халықаралық конференция кулуарында.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев оқиғаның тексеріліп жатқанын, мұнда Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің пікірі маңызды екенін айтты.

«Мемлекет белгілеген барлық қолдау шаралары көрсетіледі, дегенмен мұндай жағдайда тергеу нәтижесін күту керек», — деді вице-министр.

Еске сала кетсек, кеше Аягөз қаласында жеке үйлердің бірінде өрт шығып, төрт баланың денесі табылды.
Қазір өлімнің себебі анықталуда. Тиісті сараптама тағайындалып, полиция тергеу жүргізуде.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі