jasqazaq.kz

Министр: Қасақана ұйымдастырылған болуы да мүмкін

18 қараша 2016, 14:35

photo_31648

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов EXPO-2017 аумағындағы төтенше жағдайды біреу қасақана ұйымдастырған болуы мүмкін екенін айтты.

Tengrinews.kz хабарлағандай, «Қылмыстық іс қозғадық, сараптама жүргізіп жатырмыз. Қирау себебін анықтаған соң, процесстік шешім қабылдаймыз. Қазір біз техникалық сараптама жүргізіп жатырмыз. Себебін анықтаймыз. Біреу-міреу қасақана кесіп тастаған шығар, сапасыз материал болып шығуы да мүмкін. Барлығын зерттейміз, содан кейін ғана шешім шығарамыз», — деді министрі Астанадағы парламент отырысының үзілісінде.

Айта кетейік, бүгін EXPO-2017 аумағында опырылған құрылыс бөлігіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Еске салайық, осыған дейін Астанадағы EXPO-2017 аумағында құрылыс бөлігінің опырылғаны хабарланған болатын. Төтенше жағдай 16 қарашада болған. Ал кейінірек BI Group компаниясы EXPO-2017 аумағында болған төтенше жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Сонымен қатар, BI Group өкілдері құрастырманың бір ай ішінде жөнделетінін мәлімдеген болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде