jasqazaq.kz

Министр ABS және қауіпсіздік жастығы жоқ көліктер туралы: Тек Беларусь пен Ресейге қатысты

24 қараша 2022, 16:35

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев ABS, қауіпсіздік жастықтары және SOS түймелері жоқ төмен экокласты көліктерді шығаруға рұқсат беру туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сенатта журналистер сауалына жауап берген министр Қазақстанда көлік шығаруға қойылатын талаптар жеңілдемейтінін айтты.

«Біз Еуразиялық одаққа мүшеміз, кез келген стандарттарды өзгерту туралы барлық шешім одақ аясында қабылданады. Өкінішке қарай, көрші елдерде автокөліктерді толық жиынтықта шығару мүмкін емес, сондықтан олар ақпанға дейін Еуразиялық одақ аумағында толық емес жиынтықтағы өндіріс стандарттарын өзгертуді сұрады. Бұл тек Беларусь Республикасы мен Ресейге қатысты.

Бірақ Қазақстан аумағында бұл өндіріс жүргізілмейді және бұл көліктер де кірмейді. Сондықтан Қазақстан аумағында мұндай жиынтықта ешқандай өндіріс жүргізілмейді», — деді Өскенбаев.

Еске салайық, бұған дейін БАҚ-та Қазақстанда ABS, қауіпсіздік жастықтары және SOS түймелері жоқ, төмен экологиялық кластағы көліктерді шығаруға рұқсат етілгенін хабарлаған болатын. Индустрия министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық
11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды
09 қыркүйек, 14:41
КЛАССИК
08 қыркүйек, 14:32
Берік Төлеуов: Шымкентте жедел медициналық көмектің сапасы мен жеделдігі арттырылуда
07 қыркүйек, 16:47
Мауия Алданазарова: Шымкентте аға буынға белсенді өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер жасалуда
02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам
01 қыркүйек, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді