jasqazaq.kz

Министр Абаев шенеуніктерді журналистерден қашпауға шақырды

12 қараша 2016, 13:37

Еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Алматыда өткен IX «Медиа құрылтайда» шенеуніктерге «БАҚ-тан «тұмшаланып» жүретін уақыты өтті» деп ескертті деп хабарлайды Қамшы порталы.

d-uren

«Ханымдар мен мырзалар, мемлекеттік органдардың жабық болған мезгілі өтіп барады деп сіздерді сендіре аламын. Сіздер де, біздер де қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың тиімділігі оның БАҚ-пен байланысымен анықталатын болатынын жақсы түсінеміз. Бұл — қазіргі уақытта бар міндетті талап. Сондықтан, меморган жабық болған, министрдің жабық болған уақыттары өтіп барады. Бұл — қалыпты үрдіс», — деді министр өз сөзінде.

Келесі жылы медиа нарық және оның қатысушылары туралы ақпарат жарыққа шығатынын ескерте кететінін ескерте кеткен Абаев: «Ештеңе де құпия емес. Біз қанша БАҚ бар екенін, қайсысы қай салада жұмыс жасайтынын жақсы білеміз. Біз де, сіздер де біздегі сан жағынан көп БАҚ-тың жартысы жұмыс істемейтінін немесе тек қағаз жүзіне ғана бар екенін білеміз», — деді.

Бұған дейін Қазақстанда түрлі мәселелерге байланысты журналистер шенеуніктерді, депутаттарды сөзге тарту үшін арнайы хат жазып, апталап күтетін.

Тіпті «ұстап алып жатса да» қаша жөнелетін шенеуніктер жеткілікті. Биылғы жылдың көктем айларында жер мәселесіне байланысты президент үн қатқанға дейін танымалы және аты-жөнін ешкім білмейтін депутаттар камерадан қашып жүрді.

Ал, Ішкі Істер Министрі Қалмұханбет Қасымов ылғи да журналистерден қашып жүретінімен танымал.

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл