jasqazaq.kz

Михаил Ломтадзе Kazakhstan Growth Forum нұсқасы бойынша тағы да үздік CEO атанды

23 қыркүйек 2024, 11:43

19 қыркүйекте дәстүрлі Kazakhstan Growth Forum -да жылдың үздік менеджерлерінің есімдері жарияланды. Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе алтыншы рет «Жылдың үздік CEO-сы» атанды.

«Қазылар алқасына жоғары баға бергені үшін алғыс айтамыз. Бұл бүкіл ұжымның жанкешті еңбегінің нәтижесі. Біз заманауи қызметтермен адамдардың өмірін жақсартуға ұмтыламыз және Қазақстанда тұрып, жұмыс істеп жатқанымызды мақтан тұтамыз. Біз қазақстандықтарды ары қарай да жаңа заманауи цифрлық қызметтермен таң қалдыруға және қуантуға тырысамыз. Сүйікті клиенттеріміз бен серіктестерімізге сенімдері мен қолдаулары үшін, ал мемлекеттік органдарға елдің цифрлық дамуы үшін қолайлы жағдай жасағаны үшін алғыс айтамыз».

Жыл сайын үздік жетекшілерді Kazakhstan Growth Forum-ның сараптамалық кеңесі анықтайды. Оның құрамына: Елдар Әбдіразақов, (Kazakhstan Growth Forum), Маржан Меланич (Kazakhstan Growth Forum), Сәкен Жұмашев (KPMG), Елена Бахмутова (Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының кеңесі), Ерлан Досымбеков (EY), Екатерина Бенджамин (IFC), Дана Іңкәрбекова (PwC), Дина Устаева (Qazaq тәуелсіз директорлары), Дулатбек Ықбаев (McKinsey&Company), Ораз Жандосов (RAKURS), Ержан Досымбеков (Грант Торнтон), Алина Алдамберген (KASE), Андрей Беклемишев (IDC) кіреді.

Жеңімпаздар жыл сайын экономиканың түрлі салаларында ұсынылған 500 үздік қазақстандық компанияның арасынан таңдалады.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі