
Батырхан Шүкеновтың көпшілікке ұсынып үлгермеген жаңа әнін жолдастары жарыққа шығарды. «Нас исцеляет любовь» атты туынды әншінің мезгілсіз қазасына байланысты аяқсыз қалған болатын. Бұл туралы nur.kz хабарлады.
Әнші аяқтай алмай кеткен әнді соңына дейін жеткізген жолдастары бейнебаянын да жасап беріпті. Басты рөлде – Батырханның өзі. Өмірден өткен әншіні бейнебаян түсіргендер ерекше етіп, құммен көрсеткен.
Клипте композитор киіз үй мен табиғаттың аясында жүр.
«Нас исцеляет любовь» әнін жарыққа шығаруға марқұмның Ресейдегі таныстары да атсалысыпты.
Тірі болғанда, әнші Батыр алдағы 18 мамырда 55 жасқа толар еді. Достары енді осы күнге орай музыканттың әндер жинағын да жарыққа шығармақшы.