
Алматы метросына ілінген қазақша жарнамалардағы қателерді көпшілік келеке етті. «Екі миллионға жуық тұрғыны бар қалада қазақтың тілін білетін бір адам жоқ болғаны ма? Әрине, бар. Біреу емес, миллиондар қазір қазақ тілін жетік біледі. Оларды тілін қорлап, мазақтағысы келетін астыртын топ бар секілді», — деп жазады мақала авторы Шәріпхан Қайсар.

Жақында ғана бүкіл баспасөз төмендегі «шабаттан» деген жарнаманы сынап, шу көтерген болатын.
Ендігі тосын сыйы «айналдыр», «жала», «малып ал» болды. Ең қызығы, осы екі жарнама да Алматы қаласындағы метроға ілініпті. Неге? Біріншіден, осындай қазақ тілін қорлап, жарнама жасаушыларды сотқа беру керек. Екіншіден, осы жарнаманы ілуге рұқсат беріп, табыс тауып отырған метро басшылығы да жауапқа тартылуы керек», – деп жазады автор.