
Перу полициясы Лима қаласынан «Барселона» клубының және Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Мессидің суреті салынған есірткі партиясын тәркіледі.
Есірткі арнайы қораптарға салынған, ал оның сыртында аргентиналық футболшының суреті мен қолтаңбасы қойылған. tengrinews.kz хабарлағандай, тәркіленген есірткі мөлшері — 1417 келі. Шамамен осы мөлшердегі есірткінің құны — 85 миллион доллар.
