jasqazaq.kz

Месси футболшыларды сатуды талап етті

21 ақпан 2017, 11:39

Егер клуб бұл талапты орындамаса, Месси келісімшартты ұзартпайды-мыс.

vesti.kz хабарлағандай, каталониялық «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси клуб басшыларына Люк Динь, Жереми Матье және Андре Гомешті сатып жіберуді талап етіп отыр.

Егер клуб басшылары Мессидің бұл талабын орындамаса, шабуылшы келісімшартты ұзартудан бас тартады екен. Өйткені, бұл үш футболшы клубтың стильіне сай келмейді-мыс.

Айта кетейік, Динь мен Гомеш «Барселона» сапына 2016 жылдың жазында келіп қосылған еді. Ал Матье болса каталониялық клуб сапында 2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.

Мессидің 2018 жылдың жазына дейін «Барселонамен» келісімшарты бар. Каталониялық клуб 29 жастағы аргентиналық шабуылшыға жаңа келісімшарт ұсынып отыр. Бірақ ол әлі нақты жауабын берген жоқ. Егер Месси клубтың жаңа келісімшартын қабылдайтын болса, онда әлемдегі ең көп жалақы алатын футболшы атанады екен.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде