jasqazaq.kz

Мешіттен брендтік аяқкиім ұрлаған жігіт ұсталды

03 қараша 2023, 12:53

Елордалық мешітте тұрғынның Hugo Boss брендтік аяқкиімі ұрланды. Polisia.kz хабарлағандай, полицияға қала тұрғыны аяқ киім ұрлығы бойынша хабарласып, арыз жазған. Ер адамның айтуынша, мешітте жұма намазын оқып жатқан кезде оның құны 160 мың теңге тұратын Hugo Boss кроссовкасы жоғалып кеткен. Жедел-іздестіру шаралары барысында елордалық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ұрлық жасаған кезде бейнебақылау камераларына түсіп қалған 20 жастағы азаматты анықтаған. – Белгілі болғандай кадрда сөренің жанында аяқ киімдерді қарап жатқан жігітті көруге болады. Ол өзіне ұнаған аяқ-киімді таңдап алып, оны киіп көріп, мешіттен шығып кеткен. Аталған күдіктіні ұстаған кезде оның аяғында ұрланған кроссовка болған, – деп атап өтті сақшылар. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жігіт кінәсін мойындап, оның елордада бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғына тиісті тергеу жүріп жатыр.

JQ-Aqparat

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді