
Алматыдағы мешіттердің бірінде киімдердің қалтасын тінтіп, құжаттары бар әмиян, телефон және ірі көлемдегі ақша ұрлаған жігіт видеоға түсіп қалды. Бейтаныс жігіттің ұрлық жасап жатқан сәті Instagram желісіндегі Skandal_krg парақшасына жарияланған.
Аталмыш видеодан ер адамның басқалардың шығып кеткен кезін күтіп тұрып, мешітке келушілердің киімдерінің қалтасын ақтарып жатқаны байқалады. Бұл туралы nur.kz хабарлады.
Мұны көрген желі қолданушылары қасиетті үйде де қара ниетті адамдардың жүретініне таңғалып жатыр.