Ақтөбе облысының Темір ауданы Шұбарқұдық ауылындағы мешітке ұры түскені туралы осыған дейін «Тілшіде» жарияланған болатын. Ақпаратты «Досшан Ишан» мешітінің имамы ішінара растаған еді.

Осы жолы «Нұр ғасыр» орталық мешітінің баспасөз қызметі «тергеу барысында мешіттен компьютерді ұрлаған қарақшының деструктивті діни ағымның өкілі екендігін» хабарлап отыр.
— Тергеу әлі аяқталған жоқ. Алланың үйіне күніге құлшылыққа келіп, жамағатпен бірге сап түзеп жүрген 33 жастағы азаматтың бұл арам айласы амалға аспай, қолы сұғанақ қылмыскер қолға түсті. Ұрланған мешіт мүлкі қайтарылып, шығынның орны толық өтелді, — деп хабарлайды баспасөз қызметінен.