jasqazaq.kz

Мешітке қымбат киім кимеген дұрыс

05 қантар 2024, 15:48

Мешітке баратындардың ішінде де ұрлық жасайтындар бар. Ұрыға жем болғың келмесе, барынша жұпыны киініп барған дұрыс. Өткенде біреудің бренд аяқ киімін қақшып кеткен. Бұл жолы Шымкенттегі орталық мешіттердің бірінде ер адамның 800 000 теңге тұратын сырт киімі ұрланды. Жәбірленуші полицияға шағымданды. Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғынның ұрлық туралы арызы бойынша тергеуді бастады.

Мешіттегі бейнекамераларды тексергенде бір жігіттің күртешені киіп алып, зытып бара жатқанын көрген. Полицейлер оның кім екенін анықтап, қаладағы жалдамалы пәтерден ұстады. Қымбат күртеше иесіне қайтарылды. Сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүріп жатыр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі