jasqazaq.kz

Меруерт Түсіпбаева: Жұлдыз емес пенде екенімді түсіндім

17 мамыр 2023, 14:36

Отандық әнші Меруерт Түсіпбаева осыдан 17 жыл бұрын өмірден озған інісіне жазба арнады. Өнер иесінің бауыры 23 жасында өмірден өткен. Әнші інісіне деген жан тебірентерлік жазбасын Instagram желісінде жариялады.

«17 жыл бұрын 17 мамыр күні 23 жаста бауырым Біржан бұл дүниеден озған еді. Таңертең оянып, 17 жыл бұрынғы өмірімді есіме түсірдім. Ол кезде менжас едім, сұлу едім, тәкәппәр едім. Басқалардың жақындары өледі-кетеді, тек менде бәрі күшті, ешкім кетпейді, ешкім қайтпайды, ешкім өлмейді деп ойлайтын едім. Менің шат-шадыман өмірім дәл осы күні дейін және кейін болып екіге бөлінді. «Дүңк» етіп жерге түстім. Өзгердім. Жұлдыз емес пенде екенімді түсіндім. Қабылдадым. Біржан-ау! Өкініштісі сол, мен ешқашан сенің есейген шағыңды көре алмаймын. Сен менің жадымда мәңгі осы қалпыңда, жауқазын 23 жасыңда қаласың. Қыршыннан қиылған күнім-ау! Бүгінде қандай болар еді деп, ой жүгіртіп кейде қиялдаймын. Жұбайыңды, отбасыңды, балаларыңды елестеткім келеді. Бірақ, ащы шындық, менің шексіз қиялыма жол бермейді. Бір кем дүние. Сен біздің отбасымызда барлығынан асқан мейірімді едің. Жаның жәннатта болсын, бауырым», — деп жазды әнші.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі