jasqazaq.kz

Меруерт Түсіпбаева: Өсек термей, спортпен айналысыңдар, құрметті еркектер!

01 қазан 2024, 11:09

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желіде толықтарды жек көремін деген сөзі үшін ер адамдардан сөз естіп жатқанын айтты.

“Мен толықтарды жек көремін” деген сөзім үшін хейттің астында қалдым. Түрлі әлеуметтік желіге жариялап жатыр екенсіздер. Арнайы жазба жариялап отырған еркектерге айтарым бар: Алдымен, денсаулығы үшін семіздікке ұшыраған жандардан кешірім сұраймын. Семіздік деген – қасірет. Екіншіден, өсек термей спортпен айналысыңыздар, құрметті еркектер! Диваннан түсіп, халықтың жағдайына көңіл бөліңіздер! Қоғамның қызу талқысына түсіп жатқан АЭС-ті зерттеңіздер! Мемлекет пен халықтың жағдайын айтып, жыртысын жыртыңдар! Соған көңіл бөліңдер!”, – деді мәдениет қайраткері.
Еске салайық, өнер иесі артық салмағы бар адамдарды ұнатпайтынын жасырмады.

“Қазір айтсам, маған ашуланатын шығар, негізі толық адамдарды жек көремін. Бірақ оның денсаулығы жоқ шығар, сондықтан кешірім сұраймын. Дегенмен қалай болғанда да әйел болсын, еркек болсын өз салмағына қарау керек. Түсінемін, 50-ден асқан соң барлық әйелде физиологиялық өзгеріс болады, сол кезде адамның салмағы құбылып тұрады. Денсаулыққа да байланысты болуы мүмкін», – деді әнші.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде