jasqazaq.kz

Меруерт Түсіпбаева: Бішімбаевтің әйелі ажырасып жатқанда неге үндемеді?

26 сәуiр 2024, 12:21


Танымал әнші, мәдениет қайраткері Меруерт Түсіпбаеваның қоғамда болып жатқан оқиғаларға қатысты ашықайтып салатыны бар. Бұл жолы да сөйтті. Әнші экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қаһарман туралы ащы пікірін бүкпей жайып салды.
Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: «Бұл әйелді ең бірінші рет теледидардан, Бишімбаевтың мемлекеттен қаржы жымқырды деп күдікке ілінгенінде көрген едім. Сонда , білімділігін бөлек қойғанда , күйеуіне деген адалдығы тәнті еткен еді… Бүкіл әлем қарсы шыққанда, қарлығаштың қанатымен су сепкендей, жан- тәнімен жұбайын, балаларының әкесін, сүйіктісін қорғап, жан ұшырғаны…
Салтанаттың трагедиясынан кейін, әр жерде бір жылтыңдап, сұхбат беріп, «өйтіп еді, сөйтіп еді, ал мен мықтымын, тірі қалдым» дегендей сайрап отыр. Алдында қалыптасқан ойымды 100 % өзгертті…
Егер бұл әйел өзі ажырасып жатқан кезеңде дәл казіргідей жанайқайын қоғамға жеткізіп ашық айтса ғой, Салтанат тірі болар ма еді, деген ойлар келеді. Бояуы сіңгенде, бәлен жыл тұрып, 3 бала туған еркекті жамандағаннан кімге пайда бар?! Бишімбаев қандай болса да, балалардың әкесі болып қалады! Бұл жәйтті өзгерту мүмкін емес! Балаларының тегі- қаны соныкі!
Дау өршіп тұрған дәл казіргі уақытта, өз басым, ана ретінде, балаларымның жан тыныштығы үшін, үндемей отырар едім. Әттең- ай…..Бұлай танымал болмай- ақ қойсақ…»,- деп жазды ол.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде