jasqazaq.kz

Меруерт Түсіпбаева: Алғашқы клипімдегі жігіт — ұлымның әкесі (Видео)

13 маусым 2023, 11:57

Халықтың сүйікті әншілерінің бірі Меруерт Түсіпбаева ұлының әкесі кім екенін айтты. Өнер иесі бұл туралы отандық бағдарламада айтты.

«Қимай сені барамын» деген әнімнің бейнеклипінде түскен жігіт — менің ұлымның әкесі. Мен өмірімде бір-ақ рет тұрмысқа шықтым ғой. Ресми түрде үйленіп, ресми түрде ажырастық. Бес-алты жыл бірге тұрдық. Қазір ол кісі Шымкентте тұрады, басқа отбасы бар. Бірақ оның екінші отбасынан бала-шаға жоқ, өкінішке қарай. Ажырасқан кезде алименттен түбегейлі бас тартқанмын. Сол кезде ипотекаға алған үй мен көлік болатын. Көлікті соған бердім де, үйді өзіме алып қалдым. Бірақ ресми түрде алименттен бас тарттым. Құдайға шүкір, бір тал баламды ешкімге, әкесіне де тәуелді қылмай өсірдік. Ұлым қазақ-түрік лицейінде оқыды. Балам ешқашан ешнәрсеге мұқтаж болған жоқ. Бұрынғы жолдасым кішкентай кезінде қыдыртатын. Қарбалас кез еді ғой. Әкем бар деп өсті. Алматыда тұрған кезінде үйіне алып кетіп, араласты. Баланы көрмей кету деген болған жоқ. Тұрмысқа шыққан кезімде Сарыағашта тұрдым. Қырық күн тұрдым. Қырық күннен соң жұмысқа кетіп қалдық. Бірақ қазір балам ата-әжесімен етене жаққын араласады деп айта алмаймын», — деді Түсіпбаева.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі