jasqazaq.kz

Меруерт Түсіпбаева Жадодан кешірім сұрады (видео)

27 ақпан 2017, 13:39

Дизайнер Жадыра Сахиева (Жадо) мен әнші Меруерт Түсіпбаева сот отырысы кезінде бір-бірінен кешірім сұрап, татуласты.

Baq.kz хабарлағандай, Меруерт Түсіпбаева сотта дизайнермен қарым-қатынасының нашарлауына журналистер мен әлеуметтік желі қолданушыларын кінәлады.

«Жадыра Сахиевамен соттасамын деп үш ұйықтасам түсіме кірмепті. Екеуміздің қарым-қатынасымыз өте жақсы еді. Ортамызға от салып жүрген адамдар бар. Олар пиармен айналысады. Екіншіден, журналистер, әлеуметтік желі қолданушылары кінәлі. Маған от беріп, «неге сіз үнемі үнсіз қаласыз?» деп азғырды. Бірінші Жадыра Сахиева кешірім сұрады, екінші болып кешірім сұраймын. Жадыра Сахиевадан кешірім сұраймын», — деді ол.

Айта кетейік, әнші мен дизайнердің арасындағы дауға Instagram-дағы пост себеп болған еді. Меруерт Түсіпбаева Жадоның киімін сынға алып: «Тюрбан дегенді етегі бар киіммен кию керек, Жадо! Клетка көйлекке мына ала орамал сәйкес келмейді. Түсінемін, 10- сыныптық біліммен алысқа бармайсың… Семіріп, әліңді білмей, әлек болғанша, сауатыңды аш» деп жазды.

https://www.youtube.com/watch?v=ycDiPbq1ukU&feature=youtu.be

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде