jasqazaq.kz

Меруерт Өтекешова: Төлегеннің Жібекке сыйлаған гүлі әлі сақтаулы

19 сәуiр 2023, 13:55

Театр және кино актрисасы Меруерт Өтекешова жұбайы Құман Тастанбековты еске алып, ол туралы естеліктерін бөлісті. «Қыз Жібек» фильмінің түсірілімінен кейін жұлдызды жұптың махаббаты қалай өрбігенін Меруерт Өтекешова отандық бағдарламада айтып берді.
«Мен түсірілімге мектеп бітіргеннен кейін келдім. 17 жаста едім. Ал Құман (Тастанбеков — ред.) студент, сымбатты жігіт, ұзын бойлы. Ондай жігітті қазір еш жерде көрген жоқпын. Сымбатты жігіттер көп. Бірақ Құман сияқты жігітті мен көрген жоқпын. Құман нағыз ауылдың жігіті. 20 жасында Алматыға оқуға келді. Ата-енем он жылдай біздің қолымызда болды. Құман «Қолымызға алдырайық» деп айтты. Мен «Жарайды» дедім. Біз жақсы тұрдық. Енем де, атам да өте керемет адам болды. Атам ұзын бойлы, сымбатты адам болды. Жұма сайын мешітке барып, намаз оқитын», — деді Меруерт Өтекешова. Сонымен қатар Меруерт Өтекешова жұбайы Құман Тастанбековтің «Қыз Жібек» фильмінің түсірілімінде сыйлаған гүлін әлі күнге сақтағанын айтты. «Түсірілім біткенде көктем келді. Махаббат пайда болды. Құман түсірілім біткенде, демалыста даладан теріп, гүл сыйлады. Сол гүл үйде бар. Бірақ гүлге ұқсамайды. Бірақ сақталды, менің жанымда, Құман өзі «Мынаны қалай сақтадың?» деп таңғалды. «Сені жақсы көргеннен кейін сақтадым» дедім», — деп айтты Меруерт Өтекешова.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура