jasqazaq.kz

“Меркур таундағы” күзетшіні өлтірген бұзақы 55 жастағы әйелді шашынан сүйреген

29 наурыз 2024, 14:45

Алматыдағы «Меркур таун» тұрғын үй кешеніндегі сұмдық оқиғаға қатысты осы кешеннің пәтер иелері кооперативі (ПИК) түсініктеме берді.

Tengrinews.kz жазғандай, күзетшіні өлтірген адам ішіп алғанда ешкімге дес бермей, ата-анасы үнемі көмек сұраған. Осы жолы да ол мас күйінде мәшинені айдап кетпектші болған. «Біздің күзетші Нұрбол шығып қайда кеткенін қарады. Сол кезде машинасымен қайтып келді. Аулаға кірген соң, Нұрбол қақпаны жауып жатыр еді, анау қатты жылдамдықпен үш рет оны басып өтті. Көлігінен шығып, басына шөлмекті ұрып сындырды. Сосын үстіне шығып секірді», — дейді ПИК қызметкерлері.

Тұрғындардың айтуынша, бұған дейін де бірнеше рет полиция шақыруға тура келген. «Бірақ, неге екенін, оған түк болмайтын» деседі.

«Екі-үш ай бұрын диспетчерді соққыға жықты. 55 жастағы әйелді шашынан сүйреді. Ол наркоман, есріткіге елтігенде қаңғыбастарды алып келеді. Біз кіргізбейміз, сонда есікті бұзып, лифтіні тебе бастайтын. Диспетчер ескерту жасағаны үшін таяқ жеді. Бұған дейін басқа күзетшіні тұншықтырды. Ол жұмыстан шығып кетті. Біз құқық қорғау органдарына арыз жаздық, бірақ бір рет те жауап алмадық», — дейді «Меркур таун» ПИК қызметкерлері.

JQ-Aqparat

Сурет: бейнежазбадан скриншот 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі