jasqazaq.kz

Мереке Құлкенов – Жазушылар одағының төрағасы

12 мамыр 2023, 16:07

Абай атындағы опера және балет театрында Қазақстан жазушыларының кезекті ХVІ құрылтайы өтті.

Бес жылда бір мәрте өтетін жиында ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жазушыларға жолдаған құттықтауын оқыды.

Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулет бес жылда атқарылған жұмыстар жөнінде есептік баяндамасын оқыды. Жиында сондай-ақ Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, жазушылар Дулат Исабеков, Кәдірбек Сегізбаев, ақын-драматург Иранбек Оразбаев, мәжіліс депутаты, ақын Қазыбек Иса сынды ақын, жазушылар сөз алып, әдебиеттің толғақты мәселелеріне тоқталды.

Құрылтайдан соң басқарма жиынында жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мереке Құлкенов Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасы болып сайланды. Сондай-ақ оның орынбасарлары да тағайындалды.

Мереке Құлкенов 1993-1997 жылдар аралығында «Жалын» республикалық қоғамдық-әдеби журналының бас редакторы, 1997 жылдан бері «Ана тілі» республикалық газетінің, 2000 жылдан осы уақытқа дейін «Таң-Шолпан», «Жұлдыз» әдеби-көркем, көпшілік журналдарының бас редакторы сынды лауазымды қызметтерді атқарды. «Құрмет» орденімен, ұлттық журналистиканың «Алтын жұлдыз» басқа да медальдармен марапатталған.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі