jasqazaq.kz

Мереке Құлкенов: Мен одақта тұрғанда ешбір таланттың аяғынан шалдырмаймын

08 қараша 2024, 12:04

Жазушылар одағында рушылдық, жершілдік бар ма?

Бұл шығармашылық адамдарын ғана емес, былайғы жұрттың арасында да айтылатын әңгіме. Осы сауалға inform.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов өз жауабын берді: «Бұрын болған шығар. Қазір жоқ. Қазір болуы мүмкін де емес. Қазіргі геосаясаттың кезінде ру-румен жікке бөлінгеннен ештеңе шықпайды. Қазақстан Жазушылар одағында бір ғана саясат, бір ғана идея бар. Ол – талантқа көмектесу, дарынды қаламгерлерді жарыққа шығару. Кеше біз жас жазушылар жазған үш романды талқыладық. Үшеуі үш жақтың жазушысы. Рушылдық болса, бұлай болмас еді. Оларға демеушілік жасап отырған адамның кім екенін де білмеймін».

Ал «Сіз өзіңізді жазушы ретінде рушылдықтан, жершілдіктен зардап шеккен қаламгермін деп ойлайсыз ба?» деген сауалға: «Кейде болды. Ертеректе болды. Бірақ қазір өкпелемеймін. Ол кезде мен жақсы көретін адамдар кішкене аяғымнан шалды. Өйткені мен о жақта емес едім, түсінген шығарсың. Сондай болған жас кезімізде. Қазір ондай жоқ. Мен осы одақта отырған кезде ешбір таланттың аяғынан шалдырмаймын. Егер одақта болмай қалсам, қолымнан келмей қалуы мүмкін. Жалпы қазақ деген халықтың қанына сіңген кредосы сондай. Талантын ешқашан далада тастаған емес. Бәрін шығарды. Мұқағали, Жұмекен, Қадыр, Төлегеннен бастап бүкіл талантымыз жерде қалып көрген жоқ. Өйткені халқымыз сондай. Талантын бағалай біледі, аялай біледі. Біреулер Мұқағалиды айтып жатады. Оның бәрі бос сөз. Мұқағали өте қиналып жүргенде де кітабы шықты. Кітабы шықпай қалған кезі болған жоқ. Өйткені іздейтін елі бар еді»,- деп жауап берді.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі